SCAT әуе компаниясы паркін екі жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағымен толықтырды

SCAT әуе компаниясының паркiне екі жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағының келіп қосылуы Қазақстанның авиация саласы үшін елеулі оқиға болды. Компанияның мәліметінше, бұл отандық әуе нарығының белсенді дамуын көрсетеді.
SCAT-та флотты кеңейту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Компания жаңа әуе кемелерімен толықтыруды өз мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен арттыру, әрі қарайғы өсімге жағдай жасау және Қазақстанның әлемдік авиациялық картадағы позициясын нығайтуға қосқан үлес ретінде бағалайды.
Компания үшін кезекті жаңа әуе кемелерін алу дамудағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Салтанатты рәсім барысында «Авиакомпания SCAT» АҚ президенті Владимир Денисовке жаңа ұшақтардың символикалық кілттері табысталды. Бұл флоттың одан әрі кеңеюі мен компанияның алға қарай жүйелі қозғалысының белгісі ретінде аталды.

Флоттың толықтырылуы SCAT-тың маршруттық желісін дамыту және қолданыстағы ұшу бағдарламаларын күшейтумен тікелей байланысты. 2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағандыға, Қостанайға, Бішкекке, Новосибирскіге, Санкт-Петербургке және Тюменьге жаңа рейстер ашты, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы — Ұлан-Баторға тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары осы бағдарламалардың бір бөлігі болып, рейстерді жоспарлауда қосымша икемділік беріп, тасымал географиясын одан әрі кеңейтуге қолдау көрсетеді.
Компанияның баспасөз қызметі SCAT-тың Қазақстандағы жетекші әуе тасымалдаушылардың бірі ретіндегі позициясын жүйелі түрде нығайтып жатқанын, ұшу географиясын кеңейтіп, операциялық әлеуетін арттырып, әрі қарайғы өсімге негіз қалыптастырып отырғанын атап өтті.
Владимир Денисовтің айтуынша, жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтарының келуі флотты кеңейтудегі және мүмкіндіктерді күшейтудегі маңызды қадам болып отыр. Ол жаңа әуе кемелері Шымкент әуежайы базасындағы хабты дамытуда пайдаланылатынын, ал Шымкенттің компания маршруттық желісінің өсіміндегі негізгі нүктелердің біріне айналып келе жатқанын айтты.
Оның сөзінше, жаңа ұшақтардың келуі SCAT-тың тұрақты даму динамикасын және әрі қарай кеңеюге дайын екенін көрсетеді. Компания флотты дамыту, маршруттық желіні күшейту және Қазақстанның заманауи авиация картасындағы рөлін нығайту бағытындағы жұмысты жалғастырады.


