Тоқаев Астанада Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Қахтаниді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Қахтаниді қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстанның Сауд Арабиясымен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Президент Сауд Арабиясының тақ мұрагері – Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екі ел арасындағы көпқырлы өзара іс-қимылды ілгерілетуге қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.
"Наследный принц Мухаммед бен Салман по праву считается сильным и авторитетным лидером глобального масштаба. Его дальновидная и прогрессивная стратегия развития Саудовской Аравии, а также огромная роль в укреплении международной стабильности и безопасности заслуживают самой высокой оценки и уважения", – сказал Президент Казахстана.
Мемлекет басшысы Мұхаммед бен Салманға Қазақстанға мемлекеттік сапармен келу туралы шақыруын растады.

Елші Файсал Әл-Қахтани өз елінің Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті тереңдетуге берік бейілді екенін білдірді. Оның айтуынша, жуырда қол қойылған инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімдер, сондай-ақ мемлекетаралық Үйлестіру кеңесін құру жөніндегі уағдаластық өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Дипломат Сауд Арабиясының жоғары басшылығы атынан Таяу Шығыстағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан Президенті көрсеткен берік әрі жүйелі қолдау үшін шынайы алғыс сөздерін жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстанның қасиетті Түркістанда ықтимал бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ұсыну бастамасының өзектілігін атап өтті.
Фото пресс-службы Акорды
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясымен және Парсы шығанағындағы барлық елдермен ынтымақтастығын қайта растады. Ол өңірдегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерге алдағы уақытта да жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Әңгіме соңында Президент Екі қасиетті мешіттің Қамқоршысы – Король Салман бен Абдельазиз Әл Саудқа және Тақ мұрагері – Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа жылы лебізі мен ізгі тілектерін жолдап, Сауд Арабиясының бауырлас халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Сондай-ақ мәтінде наурыз айының басында Қазақстан Президентінің Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлескені айтылған. Әңгіме барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы өңірлік қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да елеулі қатер төндіретіні атап өтілді. Тараптар қақтығысқа қатысы жоқ елдердің аумақтарына жасалып жатқан шабуылдардың ислам үмбеті өзара құрмет пен төзімділікті бұрынғыдан да көбірек танытуы тиіс кезеңде орын алып отырғанын өкінішпен жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Корольдік үкіметінің Қазақстан азаматтарын елге эвакуациялауға көрсеткен жәрдемі үшін ризашылығын білдірді.


