Полиция мопед жүргізушілеріне арналған негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салды

🛵 Мопед тізгіндегенде нені білу қажет
❗️ Полиция мопед жүргізушілері білуі тиіс маңызды ережені еске салады.
Қала көшелерінде зулап жүрген мопедтер – жай ғана ыңғайлы көлік емес, олар толыққанды жауапкершілікті талап ететін қозғалыс құралы. Рөлге отырған әр сәт сіздің ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды шешім екені атап өтілді.
➡️ Жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Мопед тізгіндеу еркіндік сыйлағанымен, ол еркіндік тәртіппен ұштасқанда ғана қауіпсіз болады. Сондықтан мопед жүргізушісі тиісті санаттағы жүргізуші куәлігіне (A1, A немесе B) ие болуы қажет.
➡️ Мопедті тіркеу міндетті. Мемлекеттік тіркеу нөмірі мен техникалық паспортының болуы – заң талаптарын орындау ғана емес, кез келген жағдай кезінде құқықтарды қорғаудың кепілі ретінде көрсетілді.
➡️ Мотошлем кию қажет. Желмен жарыса жүйткігенде, қорғаныс құралы ретінде мотошлемнің маңызы ерекше екені айтылды. Жүргізуші де, жолаушы да мотошлем киюі міндетті.
➡️ Қозғалыс тәртібін сақтау керек. Қала ішінде мопедпен жүру жолдың оң жақ жиегімен немесе арнайы велосипед жолдарымен жүзеге асырылуы тиіс. Ал тротуар жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз аймақ екені ескертілді.
➡️ Мас күйде рөлге отырмау қажет. Алкоголь немесе өзге де масаң күй реакцияны төмендетіп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Бұл заң бұзушылық қана емес, адам өміріне төнген нақты қауіп ретінде бағаланды.
✅ Жол – барлығымызға ортақ кеңістік. Онда әрқайсымыздың жауапкершілігіміз бар. Ережені сақтау – жазадан қашу емес, өмірді қорғау. Әр сапарыңызды қауіпсіз әрі саналы түрде жоспарлау қажеттігі айтылды.
⚡️ Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз – бұл сіздің ең дұрыс таңдауыңыз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


